Bugin event

"Таза суға қол жетті": Шымкенттегі шағын аудандардың бірі сапалы ауыз сумен қамтылады

Жеті жылдам астам уақытта ауыз суды тасып ішіп келген Асар-2 шағын ауданы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында сапалы ауыз сумен қамтылады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қала әкімінің тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру аясында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. 
«Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» жүргізуде. Жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су желісін тарту жұмыстарының бүгінде 80 пайызы аяқталды. Құрылыс жұмысы биыл толығымен аяқталып, Асар-2 шағын ауданындағы 11060 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Сонымен қоса, шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесіде тартылуда.

Видеонұсқаулық