Мектеп
Ата-аналар санаториялық мектепке көшірілгеніне қарсылық білдіріп, балаларын мектепке жібермей отыр.
Оралдағы ата-аналардың айтуынша, көшірілген мектепте туберкулезге шалдыққандармен байланыста болған балалар білім алған.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ата-аналар ағаш еден үстінде жүгірген бала шаң арқылы ауруды жұқтыра ма деп алаңдайды. Қазіргі таңда 700 орындық мектепте бала саны 2300 –ге жеткен. Жауапты органдардан ғимаратты залалсыздандыруды және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді талап етеді.
Бұл мәселеге қатысты Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова: "Біріншіден, ол мектепте туберкулезбен ауырған балалар болған жоқ. Екіншіден, ол мектепте туберкулезбен ауырған бала болып, таяқшалары еденде қалатын болса, облыстық санэпидемиологиялық, облыстық тубдиспансер бізге рұқсат бермес еді. Олар өздері жауапкершілікті алып, бізге рұқсатын беріп отыр", - дейді. Басшылықтың мәліметінше, балаларын мектепке жібермей отырған ата-ана саны көп те емес. Алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жөн санап отыр.