Білім және ғылым

Қазақстанда вирусолог мамандары даярланады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның Ұлттық жоғарғы оқу орнында вирусолог мамандары даярланады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы  ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі сайтына сілтеме жасап  хабарлайды.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп, аталған бағыт бойынша магистранттар мен докторанттар дайындайтын болады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры К.Закарья мен ҚазҰУ ректоры Ж.Түймебаев өзара келісімге қол қойды. Сонымен қатар жаңа білім беру саласының бағдарламасы әзірленді.