Білім және ғылым

Жоғары оқу орындары мен колледждерге 5300 білім гранты бөлінді

Нұр-Сұлтан әкімдігі жоғарғы оқу орындары мен колледждерге 5300 білім грантын бөлді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов: «Кеше ғана көз алдымызда жүрген мектеп оқушысы тағы бір шыңды бағындырмақ. Мамандық таңдау – әрбір оқушының өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Олар болашақ мамандығын таңдай отырып, ересек өмірге қадам басады. Биыл әкімдіктен қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқуға 5 мың 300-ге жуық грант бөлінді. 465 грант бойынша тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, грант иегерлерінің арасында ерекше қажеттілігі бар, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ әртүрлі олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары және т.б. бар. Түлектер педагогика, медицина, IT-технологиялар, құқық, инженер, спорт, әлеуметтік жұмыс, электроника және энергетика, шет тілдері және т.б. мамандықтар мен бағыттар бойынша оқуға түсті. Мемлекет көрсететін көмек кәсіптік білім алу үшін елеулі қолдау болады»,– деді.