Білім және ғылым
Оңтүстік өңірде жыл соңына дейін беріледі деп жоспарланған 44 мектептің 15-і биылғы оқу жылында пайдалануға берілді.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Оған қоса, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев зияткерлік мектебі пайдалануға берілген. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 4221 бүлдіршін «Әліппемен» сауат ашып бастады. Сонымен қатар, 84 мыңға жуық мұғалім мен 27 мыңнан астам техникалық қызметкер вакцина қабылдады.