Білім және ғылым
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіге қазақстандықтар үшін магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізілетінін мәлімдеді.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Министр парақшасына: "Егжей-тегжейлі талқылаудан кейін біз қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдадық. Енді магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Яғни, магистратура мен докторантураға түсу емтихандары дәстүрлі түрде тамыз айында және қосымша желтоқсан айында ұйымдастырылады. Осы норма 2021 жылы күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кешенді тестілеу мен түсу емтихандарын қосымша ұйымдастырады. Құжаттарды қабылдау қараша айында басталады", – деп жазды.
Сынақ тамыз және желтоқсан айларында ұйымдастырылады.