МӘДЕНИЕТ

Қазақ өнері Норвегияда таныстырылды

Норвегияның Осло қаласындағы «Раушангүл сарайы» сахнасында Қазақ мәдениеті күні өтті, - деп хабарлайды Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің баспасөз қызметі. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Елшілігі Осло тұрғындары мен қала қонақтарына қойылым ұйымдастырып берді. Мәдени орталық мүшелері «Қосбасқан» мен «Аққуымсың» атты қазақ билерін ұсынды. Қуаныш Төкен есімді жоғары сынып оқушысы «Егіз-Лебіз» әнін орындады. Норвегиялық көрермендерге ән авторлары - композитор Жұмағұл Қыдырәлиев пен ақын Исраил Сапарбайдан арнайы сәлем жеткізілді.