Білім және ғылым

Дәурен Абаев: мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру қажет

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев бұл туралы «Сөзтүзер» сөздігінің тұсаукесер рәсімінде айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абаев егемендік жылдары қазақ тілі жан-жақты дамып, бүгінде ғылымның, технология мен бизнестің тіліне айналып келе жатқанын айтып өтті.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Іс-шарада: «Соңғы кезде телевизия мен радиода, баспасөз бен сайттарда әртүрлі қателердің белең алып бара жатқаны туралы жиі айтылып жүр. Тіл жанашырлары тілдік нормалардың бұзылуы жайлы алаңдашылық танытып келеді. Осыған орай Президент Әкімшілігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл жағдайды сараптап, белгілі ғалымдар мен тіл мамандарының басын қосып осы сөздікті жасап шығарды. Сөздік Мемлекет басшысын тапсырылып, Президенттің оң бағасына алды», - деді Дәурен Абаев.