Bugin

Бадам - 195 орам тұрғындары газбен қамтылады

Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қолжетімді болады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына орай Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2020 жылы құрылыс жұмысы басталған болатын. Алталмыш құрылыс жұмысын «КОМБИ-СТРОЙ-1» ЖШС  мердігер мекеме тарапынан жүргізілді.   Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, бүгінде құрылыс жұмыстары 100 % аяқталып отыр.

Қазіргі таңда атқарылған жұмыс бойынша  мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі түзіліп жатыр. Құжаттар қыркүйек айының соңында толығымен аяқталып, нәтижесінде  Әл-Фараби ауданына қарасты  Бадам-195 орамдағы 4140 тұрғын  қазан айынан бастап табиғи газбен қамтылатын болады.

Айта кетейік, 2025 жылы газбен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланған.