Bugin
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің шеткі аймақтарды дамыту туралы берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында шағын аудандардың инфрақұрылыммен қамтылу жайын пысықтады.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков ауданның мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші 96,5 пайызды құрайтынын жеткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай биыл Жалын мекенінде, Жұлдыз және Қарабастау жерлерінде жаңақұрылысында сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде.
Басқарма басшысының мәліметінше, 10 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі 2,5%-ды және жаңа құрылыс учаскелеріндегі қамтылмаған 1,0%-ды сапалы электр қуатымен қамту үшін қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-мен жобалық сметалық құжат әзірленуде екенін айтты. Ағымдағы жыл соңында құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге өтінім беріледі.
2022 жылы Қарабастау, Қаратөбе, Айнатас, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1/2, Тұрдыабад, Маятас, Еламан тұрғын алабтарының электр сапасы артады. Осылайша алдағы жылдары Еңбекші ауданындағы 47 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатына қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетпек.