Білім және ғылым

50 мың балаға грант берілді

Әлеуметтік осал топтан шыққан 50 мыңнан астам балаға колледжде оқу үшін грант берілді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz  платформасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап, хабарлайды.

Жеңілдікдікпен оқуға түскендер саны өткен жылмен салыстырғанда 16 мыңға артқан.

ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың колледждерге түсуі үшін квоталар енгізілді. Бұл жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар. Сондай-ақ квота бойынша мемлекеттік білім гранттарын ауыл жастары да иеленді», деп атап өтті.

Биылғы жылы елімізде 9-11 сыныптардың 95 мыңанан астам түлегі оқуға түскен. Бұл жолы медициналық және шығармашылық мамандықтарға сұраныс жоғары болды.

Колледжге түсу талаптары да өзгеріс ұшырады. Бұрын 1 мамандық пен 1 колледжді таңдай алған болса, биыл 4 мамандық пен 4 колледжді таңдай алады.