Білім және ғылым
Республиканың барлық мектептерінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары мен ашық сабақтары өткізіледі.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Тәуелсіздік жылдарының қасиетін жас ұрпаққа түсіндіру үшін Алматы қаласындағы мектептер мен ЖОО-да арнайы ашық сабақтар өткізіліп басталды. Бостандық ауданына қарасты М.Мақатаев атындағы №140-мектеп-гимназиясында 30 жылда еліміз жеткен 30 жетістікті насихаттау мақсатында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаты өтті.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қабырғасында «Тәуелсіздік жылдарындағы егеменді еліміздің және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың тұғырлы жетістіктері» атты мерекелік шара өтті.