Bugin
Шымкент қаласындағы «Цирк» мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернатының 15 оқушысы мен қызығушылық танытқан балалар және ата-аналар қатысты. Олар Шымкент - Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Шеберлік сағатының барысында балалар атқа отыру тәртібімен, жылқымен жұмыс істеудің пайдасымен танысты. Атқа мінге балалар жаңа ақапарт білумен қатар, мәз болып, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты.
Иппотерапияға қатысқан балалардың басым көпшілігінде ой-өрісінің кеш дамуы, қимыл-қозғалысының әлсіздігі бар. Мұндай жағдайдағы балаларға жылқыға міну оң әсерін береді.
Жылқыға мініп, ем алудың тиімділігін дәрігерлердің өзі мойындаған. Иппоетрапия деп аталатын ем алудың бұл түрі дене белсенділігін арттырады, жаңа қабілеттерді ашуға көмектеседі. Оған қоса, психикалық оңалуға, бойдағы үрей мен қорқыныштан арылуға септігін тигізеді. Ат үстіндегі адамның барлық бұлшықеті жұмыс жасап, ойлау қабілеті де жақсарады. Бұл терапияға таңдалған жылқылардың барлығы дерлік жуас әрі мамандардың көмегімен үйретілген.
Қосалқы мектеп-интернатының меңгерушісі Шымкент-Цирк мамандарына алғысын білдірді. Алдағы уақытта Цирк ұжымы ерекше балалардың оңалуы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.