Білім және ғылым
Бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға өсті.
Президенттің тапсырмасы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақылары өсті.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев: «Бакалаврда оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін артты. Педагогикалық бағыт бойынша оқитын жоо студенттері бұрын 42 000 теңге алса, енді 50 400 теңге алатын болады. Біз Президенттің тапсырмасын орындап, болашақ дәрігерлердің стипендиясын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алатын болады. Өткен жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шәкіртақы 25%-ға ұлғайтылды. Шын мәнінде, соңғы екі жылда бакалавриатта оқитын студенттердің стипендиясы шамамен 2 есе артты», – дейді.