Білім және ғылым

Ақтөбеде 1648 бала қашықтан білім алып жүр

Ақтөбе қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған және науқастармен байланыста болған 1648 бала қашықтан оқып жүр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбе облысы бойынша 418 мектепте 166 мыңнан астам бала білім алады. Олардың 131 829-ы дәстүрлі форматты оқып бастады. 33 мың бала оқитын мектепте сабақ аралас форматта өтіп жатыр.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова: «Үшінші әдіс – онлайн оқу. Бұл балаларға оқулық таратылады, цифрлық оқыту ресурстары беріледі. Ата-аналардың өтінішімен онлайн форматты таңдағандар мектепке тек жиынтық бағалау кезінде келеді. Егер қанағаттанарлықсыз баға алса, мектепке қайтарылады. Бірақ бұл жолды таңдаған бала жоқ. Қазір тек коронавирус инфекциясын жұқтырған және науқастармен байланыста болған 1648 бала оқшауланып, қашықтан білім алып жүр»,- деді.