Білім және ғылым
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру туралы өзекті сұрақтарға жауап берді.
Министр Білім және ғылым министрлігінің Instagram желісіне тікелей эфирге шығып, бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берді.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Еліміздегі мектептердегі оқу форматтары туралы ақпарат беріп өтті. Дәстүрлі форматтағы сабақтың 87 пайыздан аса мектептерде өткізіліп жатқандығы айтылды. Мектептердің 13 пайызға жуығы кей пәндерді ғана қашықтан оқытып, 0,2 пайызы толығымен қашықтан білім алып жатқандығын мәлімдеді.