Bugin

Халық санағы цифрлы технология арқылы өтеді

Елімізде биылғы жылдың 1-ші қыркүйегінде елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды. Халық санағы алғаш рет цифрлы технологияларды пайдалану арқылы өтеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Елімізде онлайн санақ  қыркүйек пен  қазан аралығында жүргізіледі. Арнайы https://sanaq.gov.kz/ сайтына кіріп, сауалнамаға жауап беру арқылы санақтан онлайн режимде өтуге мүмкіндік бар. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне барынша ыңғайлы уақытты таңдауына болады. Сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Онлайн санаққа қатыса алмағандар қазан айының 1-30 аралығында  интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады. Интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолдану арқылы санақ жүргізеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қаланың орталығы саналатын Әл-Фараби ауданына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бүгінде  аудандағы нысандарды толық қамту үшін 29 учаскеге бөлініп, 265 нұсқаушы-бақылаушы және 186 интервьюер жұмыс атқаруда.