Білім және ғылым
"Болашақ" бағдарламасы бойы шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетекші мамандар енді мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізе алады.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасап, хабарлайды.
Жетекші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізе алады. Олардың арасында АҚШ (Джордж Вашингтон, Мичиган, Вайоминг, Висконсин, Пенсильвания, Бостон, Огайо, Мидлберри халықаралық зерттеулер институты), Ұлыбритания (Лондон империялық колледжі, Ридинг университеті, Ливерпуль, Manchester Metropolitan University), Германия Федеративтік Республикасы (Гумбольдт атындағы Берлин университеті), Жапония (Токио университеті), Бельгия (KU Leuven) және т.б. университеттер бар.
Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 отандық ғалым мемлекет есебінен білім алып, тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Биыл біздің ғалымдар 80 мамандық бойынша академиялық оқудан және 137 мамандық бойынша тағылымдамадан өте алады»,- деп хабарлады.