МӘДЕНИЕТ
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 10-11 қыркүйек күндері 88-театр маусымының ашылуына арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы өтеді.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы - ықылым заманда ел іргесінің бұзылмауы, шаңырағының шайқалмауы үшін қажыр-қайраты мен парасатын сарқа жұмсаған дана қолбасшының ішкі және сыртқы дұшпандарымен арпалыса отырып, қазақ елін бір тудың астына біріктіруді аңсаған хан Абылайдың арманы жайлы тарихи драма.
Қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.
Театрдың көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер Бекболат Құрманғожаев.
Бас суретшісі - ҚР мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.
Театр директоры – ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Қарғабаев.
Сонымен қатар театр фойесінде 10-15 қыркүйек аралығында сағат 18.00 де Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кәсіби «Еңлікгүл», ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының иегері Бақыт Сраиловтың «Кеңістік» атты театр сәндік көрмесі ұсынылмақ.