Білім және ғылым
Қызылордада медицина мамандығына облыс әкімінің 50 гранты бөлінді.
Бұл туралы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы бойынша Жол картасының орындалу барысы туралы республикалық «Ұлт саулығы» қоғамдық кеңесінде баяндалған.
Бұл туралы жергілікті баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Медицина кадрларының жетіспеушілігін төмендету мақсатында 2021 жылы облыс әкімінің гранты бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті мен С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеттеріне бакалавриатқа 30 грант тағайындалды және резидентурада оқытуға 20 грант бөлініп, жас мамандар білім алуға жолданды.