Білім және ғылым
«Мың бала» республикалық жоба аясында 2015 жылдан бері 280 мың бала қазақ тілін үйренуге тартылған.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған Президент Жолдауына арналған дөңгелек үстелде ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Серік Егізбаев: «Орталық және өңірлік деңгейде 2015 жылдан бастап «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде 1,5 млн бала қатысып, оның ішінде 280 мыңға жуық адам қазақ тілін меңгеруге тартылды. Қазақ тілінің қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар аталған жобалар және басқа да іс-шаралар шеңберінде өз жалғасын таба беретін болады», - деді.