Білім және ғылым
Жұмыс сапарында еліміздің бас педагогы өңір басшысы Оңдасын Оразалинмен бірге облыс әкімдігінде аймақтың білім саласының қызметкерлері, педагогикалық қауымдастығы, мектеп директорларымен ұйымдастырылған кездесуге қатысып, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басымдықтарға тоқталды.
Министр жұмыс сапарын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар қауымымен кездесуден бастады. Білім ордасына «Болашақ» бағдарламасының түлегі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Назарбаев университетінің докторанты Лаура Қарабасованы ректор етіп тағайындады.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы жергілікті білім басқармасының баспасөз не сілтеме жасап, хабарлайды.
Асхат Аймағамбетов: «Мемлекет басшысы білім-ғылым сапасын арттыру бағытында алдымызға нақты тапсырмаларды қойып отыр. Педагог мәртебесін көтеру, мектеп құрылысын арттыру, жоғары және арнаулы білім мекемелерін қолдау бойынша елімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта Президент тапсырмасын орындау бойынша елімізде мыңнан астам мектеп салынады. Ақтөбе облысында да 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Біз облыс әкімімен бірге білім саласын қолдау бағытында екіжақты меморандумға қол қойдық. Сапалы білім беру мен ұстаздар қауымын қолдау тұрғысынан келгенде Ақтөбе облысының әлеуеті өте жоғары. Өңірде жасалған жұмыстар өте көп, бірлесіп атқаратын жұмыстар өз жалғасын табатын болады», – деді.