BUGIN
«Jas Otan» Жастар қанатының және «Nur Otan» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің өкілдері ұйымдастыруымен елдегі жатақханалар жағдайы тексеру басталды.
Депутат Елнұр Бейсенбаев: «Біз студенттерге олардың жайлы оқуы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс деген мәселені көтереміз. Бірақ, бұл мекемелердің басшылары бұған қызығушылық танытпайды және ақшаның жетіспейтіндігін айтады. Мұнда қарапайым санитарлық нормалар сақталмайтынын көреміз. Екі адам тұруы керек бір бөлмеде үшеуі тұрады. Ыстық су жоқ, өрт қауіпсіздігі нөлге тең. Қарағандының уәкілетті органдары барлығын ретке келтіріп, қолға алуы тиіс деп есептеймін»,- деді.
Ұйымдастырушылар тексеріс пен жатақханадағы құқықбұзушылықтарды бақылау жұмыстарының әлі де жалғасатынын айтты.