Bugin
Қазақстандық ғалымдар ауылшаруашылық гибрид құралын ойлап тапты.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Жаңа құрал бір уақытта топырақты қопсытып, жерді тыңайта алады. Ғалымдар топырақтың құнарлылығын сақтауға және өнімділікті арттыруға көмектеседі деп сенеді.
Арнайы түтіктері бар жаңа өнертабыс тыңайтқыштарды топыраққа бірден түсіреді. «Ғылымқоры» АҚ Басқарма төрағасы Арын Орсариев: «Қазіргі таңда әлемде үлкен комбайндар жасайтын аналогтар бар, бірақ олар жүз есеге қымбат. Бұл жабдықтың құны қопсытқыштағы сияқты, бірақ тағы бір функция қосылады. Біздің ауыл шаруашылығы өндірушілеріміз үшін бұл ыңғайлы болады деп ойлаймын», – деп атап өтті.
Ғылым қорында қопсытқыш-тыңайтқыштан басқа тағы 155 жуық жоба бар. 110 жоба өндіріс сатысына шыққан. Оған қоса, алдағы уақытта қазақстандық ғалымдар үшін бақ сынауға мүмкіндік бар.