Білім және ғылым
Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған форум Лондондағы Орталық Вестминстер Холлында жоғары деңгейде өтті.
«Гибридті түрде» өткен форумды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның Лондондағы Елшілігі, Youth Fusion жастар ұйымының Ядролық қаруды таратпау және жою жөніндегі парламентарийлері (PNND) бірлесіп ұйымдастырған.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Конференцияға қатысушылар Семей ядролық полигонында 1949-1991 жылдар аралығында жүргізілген сынақтар ол жабылғаннан кейін де Қазақстанның экожүйесіне елеулі зиян келтіріп жатқанын айтты.
Талқылау барысында біздің заманымыздың ең өткір екі жаһандық проблемасы айтылды. Олар: климаттың өзгеруі мен ядролық соғыс қаупі – адамзаттың өмір сүруі мен әл -ауқатына экзистенциалды қатер төндіретіні, бір-біріне қауіпті түрде әсер ететіндігі баяндалды.