МӘДЕНИЕТ
Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Туған өлкем – тұғырым» атты өлкетанушылардың өңірлік форумы өтті.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шара мақсаты - ғылыми қоғамдастықты, шығармашылық мамандық өкілдерін, ғалымдарды өлкетану саласындағы ағарту, өлкетанудағы іздеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, өлкетану жұмысында тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеулер әдістемесін жетілдіру. Аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырәлімова аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Форум ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өткізіліп отыр. Тұрғындардың, бірінші кезекте жастардың өз отанының тарихына деген қызығушылығын жандандыру өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі маңызды бағыт болып табылады. Бүгінде тарихи-өлкетану экспедицияларының, мұражай алаңдарының мүмкіндіктерін белсенді пайдалану, үздік жобаларды гранттармен ынталандыру, зерттеу нәтижелерін цифрландырумен айналысу қажет. Форум облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиға, сондай - ақ тиімді кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу үшін жақсы алаң болатынына сенімдімін», - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.