Білім және ғылым

Ақмола облысының орта мектебіндегі оқу процесі онлайн режимде бақыланады

Ақмола облысының П.Исаков атындағы №1 орта мектебінің оқу процесін онлайн режимде бақылайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мектепте 27 бейнебақылау камерасы орнатылған. Басшылық атап өткендей, бірінші кезекте шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.  Сонымен қатар мектепте қауіпсіздік және оқу орнына кіру үрдісін бақылау жүйесі орнатылған. Оған қоса тұлғаны тану құрылғылары, турникеттер және хабарландыру жүйесі бар.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР БҒМ ресми сайтын сілтеме жасап хабарлайды.

Мектептің оқу кабинеттері бейнебақылау камераларымен, түтін пайда болғанда хабардар ететін арнайы құрылғылармен жабдықталған. Сондай-аұ, мектепте өртке қарсы датчиктер мен атмосфералық ауа сапасын бақылайтын құрал-жабдықтар орнатылған. Қауіпсіздік жүйелерінен барлық ақпарат тікелей қаладағы ахуалдық орталыққа түседі.

П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебінің директоры Әсел Садықова: «Мұндай технологиялар оқушылардың қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Оқушылар мектепке электрондық смарт-карталар арқылы кіріп, шығады. Бұл оқушылардың сабаққа қатысуы барысында электрондық есеп жүргізуге мүмкіндік береді, ал ата-аналар өз балаларын бақылай алады. Ата-аналар баланың мектепке келуі және кетуі туралы Telegram мессенджерінің көмегімен хабардар етіледі», — деп атап өтті.

Білім ордасындағы тағы бір жаңашылдық – электрондық кітапхананың енгізілуі. Қызметтерді автоматтандыру кітапхана қорын есепке алуды жеңілдетті. Электрондық каталог жасалып, оқырмандарға қызмет көрсету уақыты қысқартылды. Мұғалімдер мен оқушылар смарт-карталарды пайдаланады. Бұл мектеп оқушылары арасында ең танымал болып табылатын әдебиеттер бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.