Білім және ғылым

Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР БҒМ министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, сонымен бірге Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары министрмен бейнебайланыс арқылы байланысты.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі балабақшалар мен мектептерге қатысты болды. Білім беру ұйымдарында ақша жинау және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану мәселелері айтылды.  Екі өтініш бойынша келіп түскен ақпарат негізінде тексеру жүргізетін комиссиялар құрылды.

Асхат Аймағамбетов барлық сауалға толық жауап берді. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынып, Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.