Білім және ғылым
Республикада 250 мың баланы құрайтын 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде 250 мың баланы құрайтын 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Білім ордаларының басым бөлігі Маңғыстау облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында орналасқан. Бұл туралы әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Мәселені шешу үшін жылдам тұрғызылатын аз шығынды модульдік мектептер салу қажет деді премьер-министрінің орынбасары.