Bugin
Жыл соңына дейін студенттерге 37 жаңа жатақхана пайдалануға беріледі.
Соңғы үш жылда әлеуметтік бастама аясында елімізде 85 жаңа жатақхана іске қосылып, пайдалануға берілген.
Бұл туралы bugin.kz платформасы ҚР БҒМ министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР БҒМ Қаржы орталығының президенті Асқар Ибраимов: «Министрлік Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студенттер жатақханаларын салу мен қайта құру қарқынын жеделдетудің жаңа тетіктерін әзірледі. Атап айтқанда, жатақханалар нысаналы құрылыс және жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша салынады. Яғни, инвесторлар өз қаражатына жатақхана салады, ал министрлік оларға мемлекеттік тапсырысты орналастырып, студенттің әрбір жатын орнын төлейді», - деп айтып өтті.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстары Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жүргізіліп жатыр.