Bugin

Елге не беремін дейтін азамат

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Әсет Әссанди Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Байкен Әшірбаев жайлы пікір білдірді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Байкен Әшірбайұлы – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер. Мемлекет не береді деп емес елге не беремін деген қағиданы ұстанған азамат. Азаматқа деген елдің қошеметі де ерекше. Әр сайлаушысының айтқан арыз-арманын арнайы уақыт бөліп тыңдап, жазып алып, ол мәселе шешілгенше тыным көрмейтін қалалық мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбайұлының биік азаматтық болмысы, әр мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарайтын қасиетіне шексіз разы боласың. Үнемі сенім білдіріп, дауыс берген халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, өтінішін қанағаттандыруға ұмтылады.

Шәкәрім ақын айтқандай, «Адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл» тәмсілі Байкен Әшірбайұлының темірқазығы секілді. Қиын сәтте, халықтың жанынан табылып, жүз емес, екі жүз емес, Қасиетті Рамазан айында бірден 500-ден аса отбасыға көмек қолын созғанын ерекше айта кеткен жөн. Одан бөлек, жүздеген отбасыға кезең-кезеңімен қайырымдылық жасады.

Байкеннің нағыз қазақи, еңбекқор, тынымсыз, айналасына мейірімді, ешкімді де алаламайтын мінезі кімді де болса баурап алады. Қолдауға лайық қайсар жан халық қалаулысының жұмысына сәттілік, қызметіне табыс тілеймін!» - деп Әсет Әссанди пікірін білдірді.