Bugin

Дараланған азамат

Журналист Бақтияр Тайжан Шымкент қалалық мәслихат депутаты Бәйкен Әшірбаев жайлы пікірін білдірді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Әлеуметтік желіде қазақтың еменнің иір бұтағындай қайратты жігіті Бәйкен Әшірбаев досым туралы жылы лебіздер жазылыпты. Осыған орай біз білетін Бәйкеннің кейбір  қырларын айта кеткенді жөн көрдік.

Әдетте, ел ішіндегі епті, көптен дараланған азаматтар Мәжіліс, мәслихаттың дуына түсерде тым жанығып кетеді. Бір қарасаң, елге азық-түлік таратып жатады. Бір қарасаң, қираған көпірді жөндеп, лентасын қиып жатады. Ел алдында еміреніп сөйлеп тұрғанын тағы көресің. Халық сенім білдіріп депутаттыққа сайласа аспандағы айды алып береді екен. Депутат болса қой үстіне бозторғай жұмыртқалататын екен.

Болғаны болды, болмағаны уәдесін жұтып қояды. Бес саусақ бірдей еместігі сияқты, араларында осындай қайығы судан өткенше уәде бергіштер көптігін ел біліп болды.

Бүгінде «Nur Otan» партиясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаевты біз таныған кезде мансап біткеннен аулақ кәсіпкер болатын. Бірде ауылдағы кеудесі алтын сандық қариялардан естіп қалдық. Осы Бәйкен жыл сайын КамАЗ-ды ауыл шетіне тіреп қойып, тегін азық-түлік үлестірер екен. Қап-қап ұн, қант, сұйық май сияқты күнделікті тұтынатын азықты жағдайы келіңкіремей жүрген ағайынға бөліп береді.

- Ау, біреулер бір жетімге қытайдың арзан күртесін кигізсе жаһанға жар салады, сенікі не?,-десең.

- «Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмеуі керек» деген бар. Осы елдің азаматы болып дәулетіміз артып жатқан соң әлсізге көмектесу парызымыз дейтін.

Бүгінде арда азамат-халық қалаулысы. «Nur Otan» партиясынан мәслихатқа үміткер болып, сайлауға түсті. Қатардағы үндемес депутат емес, сөзі мен ісін қатар алып жүретін азамат. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы аманаттардың орындалуына қайраткерлік танытып бел ортасында жүр.

Жақсы дос, жақсы інімізге ел үшін істеп жатқан еңбектері баянды болсын дегіміз келеді. Мемлекетіміздің мәртебесі биіктей берсін»- деп Бақтияр Тайжан пікірін білдірді.