Білім және ғылым

«Болашақ» түлектері жүз мың оқушыға мамандық таңдауға көмектеседі

«Болашақ» бағдарламасының 150-ден астам түлегі жүз мың оқушыға мамандық таңдауда көмектеседі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР БҒМ министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама түлектері  9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектеседі. Оған қоса, өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөліспек. Бір жыл уақыт оқушыларға тәлімгерлік қызметін көрсетіп, көмектесетін болады.

Аталмыш жоба 13 қыркүйекте Түркістан облысында басталды.  

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Ғалия Досмұхамбетова: «Бұл жай ғана тест немесе сауалнама толтыру емес, бұл нағыз мамандық таңдауға кірісу: кездесулер, оқыту және түсіндіру семинарлары, мастер-кластар және тәлімгерлердің кеңестері. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 11 мыңнан астам жоғары білікті маман даярланды. Бүгінде олар экономиканың басым секторларында жұмыс істейді. Әлбетте, олардың ақысыз ұсыныс білдіргенімізге қолдау көрсеткендері қуантады. Оқушылармен мұндай қарым-қатынас және өзара іс-қимыл балалардың мамандық таңдауына оң әсер етеді деп үміттенеміз», — деп мәлімдеді.

Ерікті тәлімгерлер қатарында  инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары бар. Тегін тәлімгерлік көрсетуге ниетті  түлектерге сәтіллік тілейміз!