Bugin

Apple компаниясы жаңа өнімдерінің тұсауын кесті

14 қыркүйек күні Apple компаниясы жаңа өнімдерінің тұсауын кесті. Рәсімде iPhone 13 смартфондары,  I Watch Series 7 сағаттары және жаңа  iPad  таныстырылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Компания өкілі жаңа iPhone 13 смартфонының артықшылықтарын жне өзге де топтамалардың ерекшеліктерін атап өтті. iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және батарея сыйымдылығы артқан болса, IPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max  өнімдері кәсіби топтама. Олар төрт түсте шығарылады: қара, ақ, алтын түсте және көк.

Компания өкілінің мәліметінше, IPhone 13-тің қуаты алдыңғыларына қарағанда 1,5 сағатқа, iPhone 13 Pro 2,5 сағатқа ұзақ жұмыс жасайды. Сонымен қатар, iWatch Series 7 сағаты  шаңға төзімді болады. Оның батареясы 18 сағат жұмыс істеуге жарамды. Жаңа өнім 399 долларға бағаланып отыр.