Daryn news

DARYN тележобасының жеңімпазы анықталды

Қарағандылық оқушы DARYN тележобасының жеңімпазы атанды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандылық оқушы  маусымдық ойында бақ сынап, Қазақстан –Британ техникалық университетінің білім грантына ие болды. DARYN телеолимпиадасының бас серіктесі - Daryn.online білім беру платформасы.

Бұл туралы bugin.kz платформасы хабарлайды.

Qazaqstan Ұлттық арнасындағы зияткерлік ойында  Қарағанды қаласындағы «Дарын» орта мектебінің 9- сынып оқушысы Нұрсұлтан Таңат 190 балл жинап, жеңіске жетті.

Телеолимпиадаға Қазақстаннан 310 оқушы қатысып, 132-сі іріктеу кезеңінен өткен. 4 турдан тұрған зияткерлік ойынның әр кезеңінде 12 үміткер бақ сынады. Олимпиада сұрақтары мен тапсырмалары спорт, медицина, ғылым, әдебиет, тарих, өнер, жасандық интеллект секілді бағыттарды қамтыды.

Тележобаның басты мақсаты –оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, білім алуға ынталандыру.

Жоба ұйымдастырушысы: «Біз алдымен онлайн-іріктеу, содан кейін Олимпиадаға қатысатын оқушыларды анықтау үшін арнайы конкурс өткіздік. Балалар Daryn Online бағдарламасының бас серіктесі Айбек Қуатбай өткізген шешендік өнер курсынан өтті. Оған қоса, психологтар балалармен жұмыс істеп, оларды түсірілімге дайындады», – деп айтып өтті.