COVID-19

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған балалардың саны 5 есе өскен

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған балалардың саны 5 есе өскен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Коронавирус инфекциясының балалар бойында қалай өтетінін ҚазАқпарат тілшісіне №36 қалалық емхана педиатрия бөлімінің меңгерушісі Мөлдір Досжан айтып берді, деп жазады inform.kz.

Дәрігердің сөзінше, бүгінде коронавирус жұқтырған балалар саны бес есе өскен. «Біз өткен жылдың наурыз-маусым және осы жылдың қаңтар-маусым айларындағы деректерді салыстырып, аурудың қаншалықты өскенін көрдік. Егер өткен жылы 5-12 жас аралығындағы балалар ауырса және бұл балалардың шамамен 40 %-ы болса, бүгін біз 0-18 жас аралығындағы балалардың жұқтырғанын көреміз. Бұл бөлініс біркелкі жүруде, бұл оның отбасылық ортадан болып жатқанын көрсетеді. Яғни, мұның ең басты себебі - эпидемияға қарсы шараларды сақтамау. Себебі, үш-төрт айлық бала дүкенге бара алмайды, ол жерде жұқтыра алмайды. Бұған бірінші кезекте ата-аналар мен туған-туыстары жауапты. Отбасылық іс-шаралар жалғасуда, эпидемияға қарсы іс-шаралар қағидаттары сақталмайды», - деді спикер.

Айта кетейік, СҚО-да 1500-ге жуық баланың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.  СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағановтың мәліметінше, балаларда ауру өткен жылмен салыстырғанда асимптоматикалық емес көрінеді. Сонымен қатар, облыста коронавирустың «дельта» штамынан 2 жасқа толмаған бала қайтыс болған.