Білім және ғылым

Аймағамбетов: «Мұғалім мәртебесі туралы» заң бұзылса, қатаң шара қабылданады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Асхат Аймағамбетов  «Мұғалім мәртебесі туралы» заң бұзылса, онда қатаң шара қабылданатынын айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Министр: «Шағымдар көп түсіп жатыр. Әр шағым, өтініш бойынша тиісті шаралар да қабылданып жатыр. Қызметінен босату, тәртіптік-әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасады. Мұғалім тек балаларға сабақ беруі керек. Басқа өзіне тән емес жұмыстарға тартуға тыйым салынады. Қағазбастылықты жою бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады. Сондықтан «Мұғалім мәртебесі туралы» заңның орындалуы бойынша жұмыс жүргізіле береді», - деп айтып өтті.

Министр егер заң бұзылса, қатаң шара қабылданатынын айтып, жергілікті департаменттерге әкімшілік айыппұлдар, тәртіптік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Бұл мәселенің жеке бақылауында болатынын ескертіп, ең бірінші Білім басқармаларынан, білім бөлімдерінен бастау керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар, ақпаратты тек ұлттық баздан ғана алу керектігін, мектептерге түрлі есептер бойынша сауал жолдаудың заңға қайшы екенін айтып өтті.

«Аудан деңгейіндегі білім бөлімдерінде, облыс деңгейдегі Білім басқарламаларында мәселелер шешілмей, жеке қабылдауыма келіп, шешіліп жатқан мәселелер бар. Олай болса, мектептегі директор, аудандағы білім бөлімі басшысы, облыстағы Білім басқармасының басшысы не істеп отыр деген сұрақ туындайды. Сұрақтарды әр деңгейде өз құзыреттілігі бойынша шешіңіздер», - деді Асхат Аймағамбетов.