Білім және ғылым
ҚР Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болды. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алады.
Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев: «Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге бағынышты жоо оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді»,-деп атап өтті.