Bugin
Мектепте эвакуация жолын жабуға тыйым салды.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қазақстандағы барлық мектептерде сыртқы шығу есігін жабуға қатаң түрде тыйым салды.
Е. Төрегелдиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында: «Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес барлық эвакуациялау жолдары еркін және ғимараттан шығу бағыты бойынша ашық тұруы тиіс. Әсіресе білім беру мекемесі көлеміне қарамастан қауіптің жоғары дәрежелі түріне жатады, сондықтан да оларға жыл сайын бірнеше рет тексеру өткіземіз. Биыл да оқу жылы басталғанға дейін еліміздегі барлық білім беру нысандары тексерілді. Қауіпсіздік ережесі сақталмаған білім мекемелеріне ескерту жасалып, нұсқама берілді», - деді.