Bugin
18 қыркүйек - World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтеді.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Дүниежүзілік акцияның мақсаты - экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.
Іс-шара қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынады.