Білім және ғылым

IT-мамандықтар бойынша грант саны 10% артады

Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын IT-мамандықтар бойынша грант саны 10% артады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы  хабарлайды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жиын барысында: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында IT-секторды жас әрі ынталы кадрлармен күшейтуді, кемінде 100 мың жоғары білікті маман дайындауды тапсырған болатын.

Осы мақсатта облыста IT-мамандықтар бойынша гранттар санын жыл сайын 10 пайызға арттыру қажет. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының базасында халықаралық стандарттар бойынша бағдарламалау кабинеттерін ашу керек», - деп айтып өтті.

Облыс әкімі IT саласын дамыту үшін бірқатар шаралардың атқарылып, арнайы орталықтардың жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Нәтижесінде,  жыл басынан бері 6 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыс ашылып, 1,3 млрд теңге айыппұл өндірілген.