Білім және ғылым
Шығыс Қазақстан облысында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.
Облыс әкімі Даниал Ахметов жиын барысында: «Мемлекет басшысы қазақ тілін насихаттап, елдің мәдени-тарихи мұрасын зерделеп және тиімді пайдалану қажеттігін айтты. Өңірімізде өзге ұлттарға қазақ тілін үйретуге ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлері, «Возрождение» тіл мектебі, лингвистикалық кабинеттер жан-жақты жұмыс жүргізуде», - деді.
Аймақ басшысы өңірде «Ситуациялық қазақ тілі» жобасын іске асыру жоспарланғанын айтып өтті.