Білім және ғылым

Үздіктерді тәрбиелеген мектеп

Асар шағын ауданындағы №90 мектеп «мектеп-гимназия» мәртебесінен «дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» дәрежесіне көтерілді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов тамыз конференциясында білім саласы қызметкерлеріне оқушылардың білім сапасын арттыруды, ұстаздардың өз білімін жетілдіруде үнемі ізденісте болуын және кәсіби тұрғыдан жан-жақты дайындалу керектігін жүктеген болатын.

Бүгінгі оқушы  – ертеңгі қала тұрғыны екенін ескерсек, шаһарда жастайынан білім мен ғылымға, мәдениеттілікке ден қойып, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру маңызды міндет. Осындай дарынды балаларды тәрбиелеп, білім мекемесін қалада озық деңгейге жеткізген ұстаздың бірі – Арман Орынбеков. Бүгінде ол №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің директоры, әрі тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.

2012 жылы Асар шағын ауданындағы №90 мектептің басшылық тізгінін қолға алғаннан қазірге дейін білім ордасынан  60  «Алтын белгі» мен 40 «Үздік аттестат» иегері шықса, 9-сынып оқушыларының 60-ы  «Үздік аттестат» алған. Сондай-ақ, аталған мектептің 700 түлегі Мемлекеттік Грантты иеленген. Мұндай жоғары көрсеткішпен №90 мектеп-гимназия  қаладағы ең үздік мектеп қатарына енді.

А.Орынбеков 2019 жылы еліміздің «Үздік педагог» байқауының 10 финалисінің құрамына кірсе, 2020 жылы TEACHER PRIZE KAZAKHSTAN ұйымдастырған «ӘЛЕМ МҰҒАЛІМІ-2020», «ӘЛЕМ МҰҒАЛІМІ -2021» әлемдік жүлделерінің іріктеу кезеңдеріне қатысты.

Биыл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» құрметті атағын тұңғыш рет иеленген ұстаз Арман Орынбеков болатын.

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Шымкент қаласының «Үздік мектеп директоры» номинация мен «Білім саласының үздігі», ОҚО «Үздік ұстаз -2009», Шымкент қаласында «Үздік ұстаз-2007» және  «Үздік жас ұстаз-2006» номинацияларының жеңімпазы. Арман Шымбайұлының «Қазақстан тарихы» пәнінен шығарған  20  авторлық оқулық, оқу-әдістемелік құралдарын еліміздің ұстаздары пайдаланып келеді.

Алғаш еңбек жолын бастаған  1997  жылдан бүгінге дейін   қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пән олимпиадалары, ғылыми жоба, түрлі байқауларда 150-ден астам оқушысы жүлделі орындарға ие болған.

Шаһарда жаңа сипатта ойлайтын, білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу жұмысы айқындалып, адам капиталын арттыру міндеттелген.