Bugin

«Fitness park.kz» атты отбасылық байқау ұйымдастырылды

Шымкентте парасаттылық идеологияны ілгерілету мақсатында «Fitness park.kz» атты отбасылық байқау ұйымдастырылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Шымкент қаласының әкімдігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлескен «Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспарға» сәйкес, салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, парасаттылық идеологияны ілгерілету мақсатында «Fitness park.kz» атты отбасылық байқау ұйымдастырылды.

Байқауға Шымкент қаласында тұратын 12 отбасы қатысты. Жеңімпаз деп танылған отбасыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.