Bugin

Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды

Шымкент қаласының дін істері басқармасының тапсырысымен "Сарын" қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында айлық спартакиада басталды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бұл жоба қала тұрғындары арасында татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өтуде. Спартакиада спорттың футбол, үстел теннисі және шахмат түрлерінен өтті. Аталмыш спорт түрлері бойынша Шымкент қаласының діни конфессия өкілдері 16 команда болып жарысқа түсуде. 1 айға созылатын бұл спартакиаданың алғашқы күні қала әкімдігі өкілдері, Шымкент қаласы маслихатының депутаттары және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін ашылу салтанатынан бастау алды. Сонымен қатар, дәл осы күні командалар арасында футболдан топтық турнир өтті. 22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында іріктеу турнирі өтеді. Ағымдағы жылдың 15 қазан күні ақтық финал мен спартакиаданың жабылу салтанаты өткізіледі деп күтілуде. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан алғыс хатқа ие болып, жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен кубок табысталады.