Bugin

Әлеуметтік орталық жаңа автокөлікпен қамтылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жаңа арнайы автокөлікпен қамтылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Мекемеге көлік кілтін басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова табыстап, бұл автокөлік орталықта қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында  беріліп отырғанын айтты.

-Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Бүгінгі жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға арнайы  автокөлік алынды. Енді ол автокөлікпен  орталықтағы қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау, оларға қызмет көрсету үшін қамтылып отыр. Ал, жақын арада орталық көпфункционалды кереуеттермен және арнайы құралдармен қамтылды,- деді басқарма басшысы.

Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден асқан, I - II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі  таңда  орталықта 225  мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.