Bugin

Шымкент қаласында вакцина алғандар саны 93 пайызға жетті

Шымкент қалалық  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов брифингте үшінші мегаполистегі коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан шаралар мен эпидемиологиялық жағдай туралы сөз қозғады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен брифинг өтті.

– Қазіргі таңда қалада эпидахуал тұрақталып келеді. Еліміз бойынша Шымкент шаhары коронавирусқа қарсы екпе салу бойынша көш бастап тұр. Соңғы тәулікте I компонентпен 11 587, ал ІІ компонентпен 4 251 адамға вакцинациялау жасалды. Яғни бүгінде тиісті контингенттің (536 000 адам) 1-компоненті 93 пайыз, 2-компоненті 76,1 пайыз вакцинацияланды. Алайда әлі де босаңсуға болмайды, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қаладағы инфекциялық төсек орындардың саны 60 пайызға қысқарған.

Айта кетейік, үшінші мегаполистегі егу бекеттері демалыс күндері де жұмыс істейді. Сондықтан қала тұрғындары сенбі және жексенбі күндері емханаларға барып, вакцина салдыра алады.