Bugin

АҚШ-тың банк жүйесін Қазақстан тумасы басқаруы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Корнелл университетінің профессоры Сәуле Омарованы валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды. 

БАҚ-тың айтуынша, ресми түрде Қазақстан тумасының кандидатурасы осы аптада ұсынылуы мүмкін. Егер ол бұл қызметке мақұлданса, Омарова 1863 жылы құрылған қаржы реттеу қызметін басқарған бірінші әйел атанбақ.

Айта кетейік, Сәуле Омарова – қаржы мен экономикаға маманданған заң профессоры және Нью-Йорк адвокаттар алқасының мүшесі. Ол бұған дейін өз ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін талдап көрсеткен еді.