Bugin

Иманбекке ескерткіш қою туралы ұсыныс айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Grammy жүлдесін жеңіп алған Иманбек Зейкеновке ескерткіш қою туралы ұсыныс айтылды. Бұл ұсыныс облыс әкімі Әбілқайыр Скаковпен кездесу барысында аталған.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы мәлімдегендей, бұл ұсыныс келесі жылы іске қосылатын Technikum арт-орталығының жобасымен танысу барысында айтылған. 

Кездесу кезінде Ақсу тұрғыны Иманбекке ескерткіш қою туралы бастама көтерген.

"Ақсу қаласының тұрғындары жеңісі үшін жерлестері - диджей әрі продюсер Иманбек Зейкеновке ескерткіш қоюды сұра отыр", - делінген облыс баспасөз хатшысының ақпаратында. 

Бұл мәселеге оң қабақ танытқан облыс әкімі сөз беріп, орындауды талап етпесе де, жерлестері туралы, олардың жетістік жолы туралы фильм түсіруді ұсынған.