Bugin

Шымкентте экология айы өтеді

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 25 қыркүйек пен 16 қазан аралығында экологиялық айлық өтеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында  25 қыркүйек пен 16 қазан аралығында экологиялық айлық өтеді. Ондағы мақсат –  қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударып, айналаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу, сонымен қоса жас ұрпақ арасында экологиялық ойлауды, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, экологиялық айлық барысында коммуналдық және жалпы қалалық сенбіліктер, көпқабатты тұрғын үй аулаларында «Таза аула – таза қала», мектеп оқушылары арасында «Менің қалам – менің үйім», өзен арналарында «Таза су айдындары» акциялары өткізіледі деп жоспарлануда.

Сенбіліктер кезінде қаланы санитарлық тазалау, нөсерлік аулалар мен арық жүйелерін тазарту, көше бойын, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау, саябақтар мен жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстарды жүргізу, заңсыз жерлерде орналасқан қоқыс үйінділерін және ластанған аумақтарды жинау жоспарланып отыр.